Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Жаңалықтар
Дата: 27-03-2018

«Наурыз мейрамы 2018»

Наурыз мейрамы - бұл 21-23 наурызда елімізде жыл сайын атап өтілетін ұлттық мереке. Наурыз – бұл  ерекше күн.Наурыз - бұл ежелден келе жатқан жаңа өмірдің басталуын белгілеп және жақсылық хабаршысы болған ерекше күн.

Наурыз мейрамын тойлауға қатысу біз үшін дәстүрге айналды. Серіктестіктің қызметкерлері 10 жыл бойы Наурыз мерекесін дайындауға және өткізуге белсене қатысады және биылғы жыл біз үшін айрықша болмады.

Осылайша биыл Серіктестіктің қызметкерлерімен «Қазақ елі» алаңында үй бұйымдары мен жиһаздарымен киіз үй безендірілді.

«Наурыз мейрамы – 2018»

Сонымен қатар қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің бірі «Беташар» қойылымы көрсетілді.

«Наурыз мейрамы – 2018»

Наурыз мейрамын тойлау іс-шара шеңберінде Серіктестікпен  ұлттық тағамдарды тарату ұйымдастырылды.    Сондай-ақ «Қазақ елі» алаңына келген елорда тұрғындары мен қонақтарына «Наурыз көже» ұлттық тағамының 200 литрден астамы және 60 кг бауырсақ таратылды.

«Наурыз мейрамы – 2018»

Наурыз мейрамын мерекелеудің басты мақсаты - Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, жалпы мәдени және рухани құндылықтарды және жалпыұлттық сананы қалыптастыру болып табылады.