Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Жаңалықтар
Дата: 14-05-2018

«Біз таза қала үшін»

Астана қаласының әкімі Ә.Ө. Исекешевпен 2018 жылғы 9 сәуірден 22 мамыр аралығында елордада «Астана – таза және қауіпсіз қала» атты жалпықалалық науқаны жарияланды.

Жалпықалалық сенбіліктердің басты мақсаты қоғамды қаланың көшелерінде тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыру болып табылады.

Серіктестіктің жұмысшылары Астана қаласының тұрғындары бола тұра шет қалмай  сенбілікке белсенді түрде қатысты. Сөйтіп, 2018 жылғы 21 сәуірде және 2018 жылғы 12 мамырда Серіктестіктің әрбір бөліміне аумақтарды бекіту арқылы «Біз – таза елорданы қолдаймыз!» атты ұранмен Астана қаласын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша сенбіліктер өткізіледі.  

«Біз таза қала үшін»

Жалпықалалық сенбілік шеңберінде Серіктестіктің әкімшілік  ғимаратының айналасындағы іргелес аумақтарды, Манас-Тельман тұрғын алабы ауданындағы Серіктестіктің павильоны айналасындағы іргелес аумақтарды, сондай-ақ Кенесары ескерткішінен оң жаққа «Фархи» мейрамханасына дейінгі жағалау аумағын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді.  

«Біз таза қала үшін»

Бұдан басқа Иманов-Әуезов-Кенесары-Республика көшелерінің төрттігі сенбілікпен қамтылды.

«Біз таза қала үшін»