Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Компания туралы - КЕЗЕКШІЛІК ЖОСПАРЫ БӨЛІМІ

КЕЗЕКШІШІК ЖОСПАР БӨЛІМІ

Астана қ. әкімінің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде 2012 жылдан бастап «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Астана қ. Кезекшілік жоспарын жүргізу жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды.

Кезекшілік жоспар халыққа, мүдделі органдарға және басқа да қала құрылысы үдерісіне қатысушыларға құрылыстағы нақты өзгерістер туралы көрнекі ақпараттың толық бейнесін береді, шешімдерді талқылауға қатысу мүмкіндігін және жариялылықты қамтамасыз етеді.

Астана қаласы Кезекшілік жоспардың негізгі мақсаты мен міндеті әкімдікке жер учаскесін игеруге тұрақты бақылауды жүзеге асыруға: объектіні жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейін мүмкіндік беретін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің мониторингі болып табылады.

Қазіргі уақытта Кезекшілік жоспар бөлімімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша объектілерді салу, қайта жаңарту мақсаттары үшін рұқсаттама құжаттарын рәсімдеу, сондай-ақ  рұқсаттама құжаттарынсыз құрылыс салу фактілеріне жол бермеу мақсатында жобалау және құрылыс объектілерінің мониторингі, бекітілген жобалау-сметалық құжаттарға салынып басталған құрылыстардың сәйкессіздіктерін анықтау  бөлігінде жұмыстар жүргізілуде. 

Кезекшілік жоспар бөлімінің жұмысы туралы ақпарат

«Астанагорархитектура» ЖШС-ның Кезекшілік жоспар бөлімімен әкімшілік шаралар қолдану үшін осы жылдың басынан бастап «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ға рұқсаттама құжаттарынсыз құрылыс салу, сондай-ақ басталған құрылыстың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес келмеу фактілері бойынша 65 хабарландыру жіберілді.

Сондай-ақ мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін өз бетімен басып алуды және жер учаскелерін мақсатсыз пайдалануын анықтау мақсатында пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын тексеру жүргізіледі.

Мұндай тексеру тұрғын алаптардың құрылыс жағдайлары туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Кезекшілік жоспар бөлімі елорданың 20 жылдығына орай мерекелік іс-шараларды өткізуге белсене қатысады.

Тұрақты негізде құрылысы Астана күніне орайластырылған объектілердің мониторингі жүргізілуде.

Құрылыстың аяқталу сатысындағы келесі нысандар:

Алматы көшесі ауданында 240 орындық балабақша

Алматы көшесі ауданында 240 орындық балабақша

Велосипед-жаяу жүргінші көпірі

Велосипед-жаяу жүргінші көпірі

Қалалық спорт - ойын-сауық саябағы

Қалалық спорт - ойын-сауық саябағы

«Әлем қабырғасы» ғимараты

«Әлем қабырғасы» ғимараты

Жарық музыкалық субұрқақ

Жарық музыкалық субұрқақ