Компания туралы - ДБ ГРАФИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІН МОНИТОРИНГІЛЕУ БӨЛІМІ
ДБ ГРАФИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІН МОНИТОРИНГІЛЕУ БӨЛІМІ
Бөлімнің негізгі функциясы «Астанагорархитектура» ЖШС электрондық деректер базасын жүргізу болып табылады.
Бөлім келесі міндеттерді орындайды:
- күнделікті негізде жобалау, құрылыс салу, қайта жаңарту және өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы пайдалануға қабылдау объектілері және ЖТҚ объектілері бойынша құжаттарды автоматтандырылған ақпараттық және геоақпараттық жүйеде тіркеу және есепке алу;
- деректер базасына түбегейлі жоспарлау жобалары бойынша графикалық және атрибутивтік ақпаратты енгізу;
- қаланың сайлау орталықтарын және округтерінің шекараларын көрсетумен «сайлау учаскелерінің шекаралары» базасын жүргізу; «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағының шекаралары базасын және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті басқа ақпаратты жүргізу.