Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Компания туралы - «МЕКЕНЖАЙ ТІРКЕЛІМІ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ

«МЕКЕНЖАЙ ТІРКЕЛІМІ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ

Жұмыс түрлері:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы 21-2 тармақшасына сәйкес Серіктестіктің Жарғысына сәйкес Астана қаласының аумағында «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – МТ АЖ) жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлім «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ үшін жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан орнын анықтау және деректерді МТ АЖ деректер базасына енгізу бойынша бастапқы деректерді дайындауды жүзеге асырады.

 

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен

жұмыс жөніндегі бөлімнің

ағымдағы жылдың 4.06 - 8.06 аралығында атқарылған жұмысы туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы 21-2 тармақшасына сәйкес Серіктестіктің Жарғысына сәйкес Астана қаласының аумағында «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді қамтамасыз етеді.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Аманшаевтың Астана қаласы көшелерінің атауларын ретке келтіруге қатысты тапсырмасын орындау аясында «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ берлесіп көшелерді мониторингілеу жүргізілді.

Осылайша Астана қаласы бойынша көшелердің жалпы саны – 1542 құрайды. Жобалық (сандық) көшелердің, оның ішінде абаттандырылғандарың саны – 367 құрайды, ішінара абаттандырылған көшелердің саны – 120 құрайды.