Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Жаңалықтар
Дата: 29-04-2015

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.

29 сәуірде Астанада Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында қайта сайланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.

Ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді. Бұдан кейін Елбасы Ақордадан шыққан сәтінен бастап, Сарайға дейін арнайы салтанатты кортежбен жүріп өтті.

Сонымен қатар, Заңға сәйкес, Республика Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді.

Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сонымен қатар, Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары және басқа да шақырылған қонақтар қатысты.

Ұлықтау рәсімін «Қазақ елі» монументінің алдына жиналған Астана тұрғындары мен қала қонақтары да тамашалады.