Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Жаңалықтар
Дата: 24-04-2015

«Астанагорархитектура» ЖШС Мәскеудегі ІІІ Халықаралық GIS-Forum байқауының жеңімпазы

2015 жылғы 15-17 сәуірде Мәскеуде «Совзонд» ресей компаниясымен ұйымдастырылған «Интеграция пространства – будущее информационных технологий» («Кеңістік интеграциясы – ақпараттық технологиялар болашағы») атты ІІІ Халықаралық GIS-Forum өтті. Форумға әлемнің 20 елінен мемлекеттік, аймақтық және муниципалдық басқармалары органдарының, коммерциялық компаниялардың, ғылыми және білім беру ұйымдарының 250 астам өкілі қатысты. Форумға «Астанагорархитектура» ЖШС өкілдері де қатысты.

Форум аясында «Геоақпараттық технологиялар және Жерді қашықтықтан барлау саласындағы ең үздік жобалар» атты байқау өтті.

«Астанагорархитектура» ЖШС «Астана қаласының Кезекшілік жоспары» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» жобасы үшін «Жерді қашықтықтан барлауда ғарыштық деректерді пайдаланумен ең үздік аймақтық инновациялық жоба» номинациясында байқау жеңімпазы атанды.

«Астанагорархитектура» ЖШС - Халықаралық байқауының жеңімпазы

Форум қатысушылары пленарлық және тақырыптық отырыстарда және семинарларда геоақпараттық саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Мастер-кластар, технологиялық жаңалықтардың тақырыптық көрмелері өтті.

Форумда «Астанагорархитектура» ЖШС сәулет және жеке тұрғын үй аудандарын салу бөлімінің бастығы Денис Селиванов Қазақстанның астанасын салу жағдайы туралы өзекті ақпараттың қалыптасуы және мониторинг үдерістерін жүзеге асыруда көп салалы аспап ретіндегі «Астана қаласының Кезекшілік жоспары» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» тақырыбына баяндама жасады.

  • «Астанагорархитектура» ЖШС жобасының мақсаты: Астана қаласының кезекшілік жоспарын жүргізу үшін кеңістік деректермен ақпараттық қамсыздандыру.
  • Орындалған жұмыстар:
  • - Ғарыштық аппараттан Астана қаласының аумағына аса жоғары кеңістіктен Жерді қашықтықтан барлау деректерін жеткізу және өңдеу жүзеге асырылды;
  • - ENVI (Environment for Visualizing Images – суреттерді бейнелеуге арналған орта) бағдарламалық қамсыздандыру жеткізілді;
  • - «Геоскан 401» пилотсыз картографиялық кешені жеткізілді.
  • Нәтижелері:
  • - ғарыштық түсірілім материалдарын пайдалану Астана қаласының аумағында қала құрылысы қызметін ғарыштық мониторингілеу үшін негіз жасауға мүмкіндік берді;
  • - бағдарламалық қамсыздандырумен кешенде пилотсыз ұшу аппаратын қолдану қысқа мерзімде қарастырылып жатқан аудан туралы ақпарат алуға, нүктелік құрылыс салуға тиімді мониторинг және бақылау жүргізуге мүмкіндік берді.

«Совзонд»: «Интеграция пространства – будущее информационных технологий» («Кеңістік интеграциясы – ақпараттық технологиялар болашағы») атты ІІІ Халықаралық GIS-Forum қорытындылары туралы ГИС-Ассоциация http://www.gisa.ru/109055.html сайтынан оқи аласыздар.