Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Жаңалықтар
Дата: 27-04-2015

26 сәуірде Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті

26 сәуірде Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Алдын ала Орталық Сайлау Комиссиясының мәліметтер бойынша, сайлауға 95 пайыздан астам сайлаушылары қатысты. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев женді, Елбасы 97,7 пайыз дауыс жинады.

Барлық қазақстандықтармен бірге сайлауға «Астанагорархитектура» ЖШС ұжымыда қатысты.

27 сәуірде Астанада өткен «Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!» жеңімпаздар Форумында өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деді:

«Бүгін ерекше мәні бар күн. Қазақстандықтар тағы да өзінің ынтымағы мен бірлігін, яғни алдынан кездескен барлық тауқыметті жеңетін көп ұлтты халықтың бірлігін көрсетті. Барша Қазақстан бірыңғай ұмтылыспен тұтастай кеше сайлауға келді. Мен адамдар отбасыларымен, балаларымен, немерелерімен сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беру үшін кезекте тұрғанын көрдім. Мен осының барлығын байқадым, бұндай көріністен көзге жас үйіріледі. Бұл тұрғыда жауапкершілік артады. Осыдан күні-түні біздің халықтың әл-ауқатты арттырып, күн сайын өмір сүру жағдайын жақсарту тұрғысында ойлана бересің.

Сайлау әлем алдында Қазақстанның демократиялық тұғырын, саяси мәдениетін тағы бір мәрте паш етті».