Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Құжаттың тізбесі

Ескіні бұзып жаңа жеке тұрғын үй жобалауға рұқсат алу үшін:

1. Төмендегі құжаттарды жинау және дайындау қажет:

  • - Жер учаскесіне арналған меншік құқығының актісі (нотариалды куәландырылған көшірме) өзімен бірге түпнұсқасы болу керек;
  • - Жер учаскесінің және үй құрылысының құқығын растайтын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме) өзімен бірге түпнұсқасы болу керек;
  • - Техникалық төлқұжат (көшірме) өзімен бірге түпнұсқасы болу керек;
  • - Меншік иесі (құқық иеленуші) туралы мәліметтер, немесе жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірме) өзімен бірге түпнұсқасы болу керек;
  • - Жеке куәлік (көшірме) өзімен бірге түпнұсқасы болу керек;
  • - Жылжымайтын мүлікке мекенжай анықтамасын қаланың ХҚО тапсырыс беру (көшірме);
  • - Сенімхат көшірмесі (егер құжаттарды рәсімдеу сенімхат бойынша жүргізілген жағдайда).

Соңғы 6 (алты) айға М 1:500 топографиялық түсірілімнің түпнұсқасы (204-бөлмеде тапсырыс беруге болады, кіру аула арқылы).

ТЖ қорытындысы.

2. Астана қаласы әкімінің атына өтінішпен жолығу (Жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесінде (мекенжайды көрсету) ескіні бұзып жаңа жеке тұрғын үй жобалауға рұқсат беруіңізді сұраймын)..

3. Өтініш СжҚБ түскеннен кейін жоғарыда аталған құжаттарды № 8 терезеге тапсыру (СжҚБ ХҚО қабылдау күндері – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сағ. 09.30-12.30)