Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Құжаттың тізбесі

Жеке тұрғын үй салуға рұқсат алу үшін:

1. Төмендегі құжаттарды жинау және дайындау қажет:

  • Жер учаскесіне арналған меншік құқығының актісі (көшірме) өзімен бірге түпнұсқасы болу керек;
  • Жер учаскесінің құқығын растайтын құжат (Астана қаласы әкімдігінің қаулысынан үзінді-көшірме, сатып алу-сату шарты, сыйға беру шарты, айырбастау шарты, мұрагерлік туралы куәлік) (көшірме) өзімен бірге түпнұсқасы болу керек;
  • Меншік иесі (құқық иеленуші) туралы мәліметтер, немесе жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік (көшірме) өзімен бірге түпнұсқасы болу керек;
  • Жылжымайтын мүлікке мекенжай анықтамасын қаланың ХҚО тапсырыс беру (көшірме);
  • Жеке куәлік (көшірме) өзімен бірге түпнұсқасы болу керек;
  • Нобай жоба;
  • Сенімхат (егер құжаттарды рәсімдеу сенімхат бойынша жүргізілген жағдайда) (көшірме).

Соңғы 6 (алты) айға М 1:500 топографиялық түсірілімнің түпнұсқасы (204-бөлмеде тапсырыс беру, кіру аула арқылы).

2. Астана қаласы әкімінің атына өтінішпен жолығу (Жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесінде (мекенжайды көрсету) жеке тұрғын үй салуға рұқсат беруіңізді сұраймын).

3. Өтініш СжҚБ түскеннен кейін жоғарыда аталған құжаттарды № 8 терезеге тапсыру (СжҚБ ХҚО қабылдау күндері – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сағ. 09.30-12.30)