Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Компания туралы - КЕШЕНДІ СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ

КЕШЕНДІ СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ

Кешенді сәулет-жоспарлау бөлімі «Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлімнің басты міндеті Астана қаласы аумағында мемлекеттік сәулет - қала құрылысы саясатын жүргізу бойынша мемлекеттік бағдарламасын, аумақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы және перспективті міндеттерін шешуге бағытталған қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру, тіршілік ортасын жетілдіру, тұрғын үй – азаматтық және коммуналдық мақсаттағы обьектілерді жобалауға, салуға бастапқы деректерді дйындау арқылы олардың сәулет келбетін жақсарту болып табылады. 

Бөлімнің атқаратын жұмыс түрлері:

  1. Құрылыс салу және қайта жаңарту жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы деректерді дайындау.
  2. Таңдау және келісу актілерін, мемлекет меншігіндегі сауда-саттықты талап етпейтін (конкурстарды, аукциондарды) жер учаскелеріне құқық алу  кезіндегі орналастыру сызбасын дайындау;
  3. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде алдын ала таңдау актісінің сызбаларын келісу үшін бастапқы деректерді дайындау, бөлінеді деп тану, учаскені бөлу;
  4. Жер учаскесінің координаттарын әзірлеу;
  5. Жерге орналастыру жобасын әзірлеу.