Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Компания туралы - Қызмет түрлері

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

1. КЕШЕНДІ СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ

Жұмыстардың түрлері:

  1. Объектілерді жобалау бойынша бастапқы-рұқсаттама деректерді әзірлеу.
  2. Жерге орналастыру жобаларын әзірлеу.

2. ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕСТІРУЛЕР БӨЛІМІ

Жұмыстардың түрлері:

  1. Атқарушылық түсірілім.
  2. Топографиялық түсірілім.
  3. Учаскелерді бөлу. ғимараттар, құрылыстар және инженерлік желілердің белдеулерін болмысқа шығару.
  4. Реперді шығару.
  5. Кызыл сызықтар жүргізу.
  6. 3D форматта ғимараттар қасбеттеріңін атқарушылық түсірілімі.

3. ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ БӨЛІМІ

Жұмыстардың түрлері:

  1. Ғимараттар мен құрылыстарды (бірегей, биік, үлкен сыйымдылықты) мониторингілеу.
  2. Ландшафттық сәулет:
    • нобай жобалар әзірлеу;
    • жұмыс жобасын әзірлеу;
    • тұжырымдамалар мен бағдарламалар әзірлеу;
    • сметалық құжаттама әзірлеу.
  3. ЖТҚ аудандарын бірыңғай стильде салу тұжырымдамасын әзірлеу.
  4. Сәулет-құрылыстық жобалау:
    • нобай жобалар әзірлеу;
    • жұмыс жобасын әзірлеу;
    • тұжырымдамалар мен бағдарламалар әзірлеу;
    • жарнама нобайларын әзірлеу;
    • сметалық құжаттама әзірлеу.

4. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ АУДАНДАРЫН САЛУ БӨЛІМІ

Манас-Тельман және Газ Аппаратура зауыты аудандарындағы жеке тұрғын үйлерді жобалау мен салу үшін бастапқы-рұқсаттама құжаттар беру бойынша құрылыс салушылармен жұмыс істеу және мониторинг

Жұмыстардың түрлері:

  1. Объектіні пайдалануға енгізу және құрылыс үрдістерін әзірлеу, қамтамасыз ету бойынша инженерлік-кеңес беру қызметтері.
  2. Объектіні инженерлік коммуникацияларға қосу үшін техникалық талаптар мен трасса сызбаларын алу қызметтері, атап айтқанда сумен жабдықтау, шаруашылық фикалды кәріз, электрмен жабдықтау, телефондандыру.
  3. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, объекті учаскесіне қоршау орнату бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарының сәйкестігін қамтамасыз ету.
  4. Аумақты салудың бірыңғай тұжырымдамасы бойынша объектіні ерекшеліктермен жасауға байланысты инженерлік-геодезиялық іздестірулер жүргізу.
  5. Объектінің ішкі бейнесі, ғимаратты (құрылысты) орнату және объектінің инженерлік коммуникацияларын төсеу аясында техникалық және авторлық қадағалауды қоса ала отырып, объектілер құрылысының қолайлы үрдісін қамтамасыз ететін ортақ техникалық жәрдем.

5. КЕЗЕКШІЛІК ЖОСПАРЫ БӨЛІМІ

Астана қаласы әқімінің тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, 2012 жылдан бастап «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Астана қаласының Кезекшілік жоспарын жүргізу жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды.

Астана қаласының Кезекшілік жоспарының негізгі мақсаты мен міндеті сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілерін мониторингілеу болып табылады. Ол әкімшілікке жобалау басталуынан бастап объектіні пайдалануға еңгізуге дейін жер учаскесін игеруді тұрақты бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Қаланың кезекшілік жоспарын жүргізу мыналардан тұрады:

  • кезекшілік топографиялық жоспарды жүргізу;
  • автоматтандырылған ақпараттық базасын жүргізу.