Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Компания туралы - ЖШС құрулы тарихы

«АСТАНАГОРАРХИТЕКТУРА» ЖШС құрулы тарихы

Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесінің 1998 жылғы 4 мамырдағы № 3-1-563 шешіміне сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығында «Сәулет-жоспарлау бюросы» МКК құрылды.

Астана қаласының арнайы экономикалық аймағының әкімшілік кеңесінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 3-1-1315 шешімінің негізінде «Сәулет-жоспарлау бюросы» МКК атауы «Горархитектура» КМК болып аталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саясаттық жаңғыртыду жылдамдату жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша ортақ ұлттық жоспарды орындау желілік кестесі туралы» 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210, «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» 2005 жылғы 6 маусымдағы № 563 қаулыларымен сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 5 маусымдағы № 3-1-480қ қаулысымен Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы Департаментінің «Горархитектура» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны «Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта ұйымдастырылды.

Астана қаласының әкімдігі Серіктестіктің Құрылтайшысы және мемлекеттік қатысудың 100% үлесінің меншік иесі болып табылады. Әкімдік шешімімен иелік ету құқығы және мемлекеттік қатысу үлесін пайдалану «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ берілді.

Серіктестік мамандандырылған сәулет ұйымы болып табылады – өкілеттіктері мен міндеттері Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешімімен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидасымен және жарғымен анықталатын, Әкімдікпен құрылған заңды тұлға.