Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Компания туралы - ЖАРНАМА ЖӘНЕ УАҚЫТША ОБЪЕКТІЛЕРДІ МОНИТОРИНГІЛЕУ БӨЛІМІ

ЖАРНАМА ЖӘНЕ УАҚЫТША ОБЪЕКТІЛЕРДІ МОНИТОРИНГІЛЕУ БӨЛІМІ

Жарнама және уақытша объектілерді мониторингілеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Серіктестіктің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Бөлімнің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Астана қаласының қала құрылысы мониторингі деректер базасын жүргізуді және есепке алуды қамтамасыз етуге бағытталған өндірістік қызмет болып табылады.

Негізгі міндетті орындау үшін Бөлімге келесі функциялар жүктелген:

  • Қала аумағындағы жарнама құрылымдарының мониторингін жүргізу;
  • Магистралды көшелер бойынша ғимараттар мен құрылыстарды безендіруді және сәулеттік-көркемдік бұйымдарын мониторингілеу;
  • Тұрғын үйлердің бірінші қабаттарының (жапсарластыра, жанастыра, жапсарластыра-жанастыра салынған орын-жайларының) объектілерін мониторингілеу;
  • Уақытша объектілерді мониторингілеуді кешенді жүргізу.

Жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсатынсыз орнатылған жарнама және уақытша объектілер бойынша ақпарат қарастыру үшін, ал қажет болған жағдайда тиісті шара қолдану үшін «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ жолданады.

Елорда әкімдігі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бөлінген жер учаскелерінің санын және онда елорданың заманауи стандарттарына сәйкес келетін сауда уақытша объектілерді орнатуды көздейтін «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама операторы «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ болып табылады, ол қала жүйесінде уақытша сауда объектілерін орнату үшін шарт бойынша учаскелер ұсынуды үйлестіреді.

Ағымдағы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ Астана қаласында уақытша сауда объектілеріне 929 жер учаскесі бөлінді. Астана қаласының жүйесінде уақытша объектілерді мониторингілеу нәтижесі бойынша 308 уақытша сауда объектісі орнатылды.