Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Компания туралы - Есов Әсет Ермекұлы
Есов Әсет Ермекұлы

Есов Әсет Ермекұлы

«Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары

Лауазымы, жұмыс орны: «Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары

Туған жылы және туған жері: 1984 жылғы 8 желтоқсан, Ақмола облысы

Ұлты: қазақ

Білімі: жоғары, Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Заңтану» мамандығы бойынша «Заңгер» біліктілігі берілді, 2006 жыл.

Ғылыми дәрежесі - Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, «Заңтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді, 2016 жыл.

Жалпы жұмыс өтілі: 11 жыл.

Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 7 жыл

Мінездеме

Есов Әсет Ермекұлы – «Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары. 2000 жылы Заңтану академиясының колледжі – «Әділет» ЖҚМ «Құқықтану» мамандығына түсті. 2003 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетіне түсіп 2006 жылы аяқтады.

Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң 2007 жылы «Елорда-Жарнама» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің заң кеңесшісі лауазымында еңбек жолын бастады.

2008 жылы Астана қаласы Әділет департаментінің сарапшысы ретінде жұмыс істеді.

2008 – 2009 жылдары Астана қаласында «Каз-Интер «Кристалл» ЖШС заң кеңесшісі ретінде жұмыс істеді.

2009 – 2011 жылдары Астана қаласында «Берекелі шаңырақ» ЖШС заң кеңесшісі ретінде жұмыс істеді.

2011 жылы «Астана қала құрылысы кадастры» МКК құқықтық және экономикалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы лауазымына жұмысқа қабылданды.

2012 жылы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері лауазымында жұмыс істеді.

2012 – 2015 жылдары құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2015 жылы «Астана қала құрылысы мониторингі» ЖШС директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2016 жылы «Астана қала құрылысы мониторингі» ЖШС әкімшілік-басқарушылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

2017 жылы «Астана қала құрылысы мониторингі» ЖШС директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2018 жылдан бастап «Астанагорархитектура» ЖШС директорының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.