Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Компания туралы - Правецкая Алена Анатольевна
Правецкая Алена Анатольевна

Правецкая Алена Анатольевна

«Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары

Лауазымы, жұмыс орны: «Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары

Туған жылы және туған жері: 1977 жылғы 20 мамыр, Астана қаласы

4. Ұлты: орыс

Білімі: жоғары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, «Сәулет» мамандығы бойынша «Сәулетші» біліктілігі берілді, 2000 жыл

Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік марапаттарымен марапатталды және марапатталған күні: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі – 2016 жыл

Жалпы жұмыс өтілі: 18 жыл.

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: 18 жыл

Мінездеме

Правецкая Алена Анатольевна – «Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары. 1995 жылы «Сәулет» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне түсіп 2000 жылы аяқтады.

Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң 2000 жылы «ППК» ПСК ЖШС сәулетші лауазымында еңбек жолын бастады.

2001 – 2003 жылдары «Астана бас жоспары» КМК сәулетші болып жұмыс істеді.

2003 – 2004 жылдары «Астана-Недвижимость» ААҚ аға сәулетшісі лауазымында жұмыс істеді.

2004 жылы «Астана Стройсервис ХХІ» ЖШС сәулетшісі лауазымында жұмыс істеді.

2006 – 2007 жылдары «Астанагорархитектура» ЖШС кадастр жөніндегі жетекші инженер лауазымында жұмыс істеді.

2007 – 2009 жылдары «PBK Project» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2009 – 2010 жылдары «Астана қала құрылысы кадастры» ШЖҚ МКК бөліністердің кезекшілік жоспарын және қала құрылысы жобаларын өңдеу бөлімінің қызметкері.

2010 жылы «Астана қала құрылысы кадастры» ШЖҚ МКК бөліністердің кезекшілік жоспарын және қала құрылысы жобаларын өңдеу бөлімінің жетекші маманы лауазымына қабылданды. Сол жылы «Астана қала құрылысы кадастры» ШЖҚ МКК бөліністердің кезекшілік жоспарын және қала құрылысы жобаларын өңдеу бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

2011 – 2014 жылдары «Астана қала құрылысы кадастры» ШЖҚ МКК бөліністердің кезекшілік жоспарын және қала құрылысы жобаларын өңдеу бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2014 - 2016 жылдары «Астана қала құрылысы мониторингі» ЖШС директорының орынбасары.

2016 жылы «Астана қала құрылысы мониторингі» ЖШС директоры болып тағайындалды.

2018 жылдан бастап «Астанагорархитектура» ЖШС директорының бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істейді.