Іздеу
ХАБАРЛАНДЫРУ
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Астана қаласы әкімдігі сайты
Астана қаласының
СжҚҚБ сайты
Астана қ. Жер
қатынастары басқармасы сайты
«Астана қ. Бас
жоспары ҒЗЖИ»
ЖШС сайты
Компания туралы - Біз туралы

«АСТАНАГОРАРХИТЕКТУРА» ЖШС
сапа және экология саласындағы

САЯСАТЫ

«Астанагорархитектура» жаупакершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) қала құрылысы қызметін жүргізуге бастапқы рұқсаттама құжаттарды дайындау, жер учаскелері бөлінісі сызбаларын, Астана қаласының бас жоспарының нобайын, жағдайлық сызбаны, орналасу сызбаларын және жер учаскелерін таңдау актілерін әзірлеу, топографиялық және атқарушылық түсірілімдерді орындау, ғимараттар мен құрылыстардың негізгі белдеулерінің бөлінісі, ғимараттар мен құрылыстар салу үшін учаске шекараларын болмысқа шығару, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілеріне мониторинг жүргізу, Астана қаласының кезекшілік жоспарын жүргізу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингілік қызмет көрсету, бірыңғай сәулет бейнесінде жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын салу процесіне қатысу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қызмет көрсететін жалғыз мамандандырылған сәулет ұйымы болып табылады.

Кең мүмкіндікке ие Серіктестік тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын сапалы қызмет көрсетуге бағытталған негізгі курсын ұстанады.

МИССИЯ:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Стратегия-2050» Жолдауына сәйкес, сондай-ақ 2050 жылға Астана қаласының Еуразияның іскери, мәдени және ғылыми орталығы ретінде әлемнің 10 үздік қаласы қатарына ену мақсатында біз Елордамыздың тұрғындары мен қонақтарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, қаламыздың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға көмектесеміз.

БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:

  1. серіктестіктің қызметкері атағын мақтан тұтыну, жауапкершілік, адал қызмет ету;

  2. өзара сыйластық, өзара түсініспеншілік және сенімділік көрсету;

  3. ақпарат алмасу арқылы ашық және адал қарым-қатынас құру;

  4. бастамашыл, шағырмашылық, бірегей ой-ұшқыр;

  5. жаңаға ұмтылу, өзгерістерді қабылдау және қолдау;

  6. қызметкерлерді оқыту және кәсіби өсуін қолдау;

  7. көңілді ортаны және оңтайлы моральді-психологиялық климатты қалыптастыру;

  8. жайлы жағдайда өмір сүру және жұмыс істеу.

МАҚСАТЫМЫЗ:

  • сапалы қызмет көрсету және шарт міндеттемелерін уақытылы орындау, тапсырыс берушілерге деген құрмет көрсету, қажеттіліктер мен нәтижелерді мұқият зерттеу, заңнамалық және нормативтік-құқықтық талаптарды, ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 27001:2013 халықаралық стандарттардың талаптарын қадағалау барысында тиімді кері байланыс арқылы тапсырыс берушілердің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • қызметкерлердің, өнім берушілердің, серіктестердің және жалпы қоғамның барлық мүдделі тараптарының ұсыныстарын жан-жақты есепке алу. Өзіміз туралы жақсы пікір қалыптастыру;

  • бірыңғай өндірістік-техникалық, экономикалық, экологиялық, кадрлық және әлеуметтік саясат қағидалары, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саясаты арқылы Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелерін қарқынды және тұрақты дамыту;

  • серіктестік қызметкерлерінің тұрақты біліктілігін арттыруына, олардың сапалы қызмет етуіне мүдделілігіне, персоналдың жұмысқа толық тартылуына ықпал ету;

  • өз қызметінде заманауи инновациялық технологияларды, жабдықтар мен басқару әдістерін пайдалана отырып, заманға сай және бір қадам алға жүру;

  • серікестермен, соның ішінде мемлекеттік мекемелермен өзара тиімді қарым-қатынастар құру.

Серіктестік басшылығы осы Сапа және экология саласындағы саясатты жүзеге асыру үшін жауапты, сонымен қатар Серіктестік ұжымын итеграцияланған менеджмент жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін осы саясатты іске асыруға белсенді қатысуға шақырады.

3-басылым